Байланыс телефондары:
+7(717) 268–49–50
+7(701) 719-70-60
» » «Ол өзін сауатты және саяси дайындығы мол маман ретінде көрсетті» - Сейіт Қасқабасов

«Ол өзін сауатты және саяси дайындығы мол маман ретінде көрсетті» - Сейіт Қасқабасов

16 апрель 2019, Вторник
455
0

«Ол өзін сауатты және саяси дайындығы мол маман ретінде көрсетті» - Сейіт Қасқабасов                                                           Smiley face

ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия мүшесі Сейіт Қасқабасов аталған лауазымға үміткер Дания Еспаеваның емтихан нәтижесін жариялады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
«Үміткер Дания Мәдиқызы Еспаева бірінші тапсырмада «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбын таңдап алды. Бұл - жазбаша жұмыс. Екінші кезеңде Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» кітабын таңдап алды. Үшінші тапсырма бойынша берілген тақырыпқа 15 минут сөз сөйлеуі керек. Мұнда үміткерге «Қоғам және демократия» тақырыбы берілді», - деді Сейіт Қасқабасов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Лингвистикалық комиссия үміткер жұмыстарын жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындыға келді.
«Үміткер емтиханға берілген өз уақытын толық пайдаланды. Жазбаша жұмысында Дания Еспаева тақырыпты жақсы меңгерген, сауатты, терең талдау жасаған. Екінші тапсырма бойынша ол М. Мақатаевтың екі өлеңін оқыды. Қазақ тілінің нормасына сай сөздерді анық айтып, ойын жеткізе білді. Үшінші тапсырма бойынша «Қоғам және демократия» тақырыбында 15 минут сөйледі. Өзін саяси жағынан танытып, қоғамның хал-ахуалын жақсы білетінін көрсетті. Біздің сұрақтарымызға толық жауап берді. Комиссия мүшелері дауыс бере келе, «Дания Мәдиқызы Еспаева мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», - деді С. Қасқабасов.
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры