Тәуелсіздік кезеңінің тарихы. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Қасқабасов Елбасының еңбегіне осындай баға берді. «Ел егемендігін алған жылға дейінгі кезеңнен бастап жасампаз Қазақстанның бүгінгі тарихы боямасыз жазылған туынды», – деген пікір білдірді. Сейіт Қасқабасов, ҚҰҒ Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор: - Президентіміздің бұл еңбегі бұрынғы еңбектерінен өзгеше. Мұнда қазақ халқының тарихының 30 жыл өмірі қамтылған. Бұл еңбектің құндылығы сол 30 жыл тарихымызды жүйелеп, барлық сала бойынша әр кезеңге, үлкен үш дәуірге бөліп қараған. Сондықтан бұл кітапты «тәуелсіздік кезеңінің тарихы» деп айтар едім. Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысы бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингісі бойынша 2-орынға көтерілді Мереке күндері Астана қонақтары мен тұрғындары үшін тегін экскурсия ұйымдастырылды »
Источник:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/211373-sejit-as-abasov-elbasyny-kitaby-t-uelsizdik-keze-ini-tarikhy