Академик Сейіт Қасқабасов Халықаралық Түркі академиясының арнайы медалімен марапатталды
Астана. 6 қазан. BAQ.kz – Кеше белгілі фольклортанушы, академик, профессор Сейіт Қасқабасов Халықаралық Түркі академиясының арнайы медалімен марапатталды. Медальді Академия басшысы Д.Қыдырәлі Астанада Сейіт Асқарұлының 75 жасқа толған мерейтойына орай өткен Халықаралық фольклортанушылар конгресі барысында табыс етті. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін аталған медальмен академиктер Оразақ Смағұл мен Болат Көмеков марапатталған еді.
Бұрын хабарлағанымыздай, жуықта тағайындалған Халықаралық Түркі академиясының арнайы медалі түркі дүниесіндегі білім мен ғылымның дамуына, сонымен қатар ынтымақтастықтың нығаюына зор үлес қосып жүрген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері мен елеулі жаңалықтары бар танымал ғалымдарға беріледі.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.